Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолалық 850 жасөспірім түнгі уақытта үйден тыс жерде болған, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Кәмелетке толмағандар тарапынан және жасөспірімдердің өздеріне қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату фактілерінің жолын кесу мақсатында Ақмола полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар шоғырланған жерлерде, ойын-сауық орындарында, компьютерлік клубтарда және басқа жерлерде тексерулер жүргізеді, - делінген хабарламада.
Мәселен, 2022 жылдың басынан бері Ақмола облысының 850 жасөспірімі заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болды, 141 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.