Ғылыми өндірістік орталық 12 млн теңгеге 150 күрек сатып алмақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Агенттік сатып алу мониторингінің нәтижелерін жариялау барысында асыра бағалаушылық болған жайттар туралы сөз етті.
Ақмола облысында Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми өндірістік орталығы биылғы қаңтарда жалпы соммасы 12 млн теңгеге 150 қар жинайтын күрек сатып алуды жоспарлаған. Бірақ агенттік ұсынымынан кейін баға 3200 теңгеге дейін төмендетіліп, нәтижесінде 10 млн теңгеге дейінгі қаржы үнемделді.
Сондай-ақ мұндай асыра бағалаушылық басқа өңірлерде де кездесті.
Павлодар облысында Ақсу қаласында биылғы наурызда жалпы соммасы 3,7 млрд теңгеге 9 қабатты 2 көппәтерлі тұрғын-үй салу жоспарланған. Бұл ретте 2023 жылға қарашада ұқсас құрылымы 1,1млрд теңгеге тұрғызылды. Бағаны қайта қарау нәтижелері бойынша құрылыстың құны 2 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Ал «Қонаев» қаласында Алматы облыстық шығармашылық орталығы 87 млн теңгеге концерттік жабдықтарды сатып алуды жоспарлаған. Агенттіктің ұсынысы бойынша баға қайта қаралып, 5,9 млн теңгені құрады, - деді маман.
Агенттіктің ресми өкілі мәлім еткендей осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.