Ақмолада жүк пойызы мен көлік соқтығысып, 3 адам мерт болды

20 Ақпан 2023, 11:45
986
Бөлісу:
Ақмолада жүк пойызы мен көлік соқтығысып,  3 адам мерт болды
Фото: tengrinews.kz

Қайғылы оқиға Шортанды ауылы маңындағы орталық өткелде болған. Оқиға орнында минивэн көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың 20 ақпаны сағат 6.45-те Ақмола облысының Бурабай - Шортанды учаскесінде автомобиль жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Орын алған төтенше жағдай салдарынан құрбан болғандар бар, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жүк пойызы көлікпен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Шортанды ауылы маңындағы орталық өткелде болған. Оқиға орнында минивэн көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы тіл тартпай кеткен: 1975 жылғы әйел, 1985 жылғы ер адам. Екеуі де елорда тұрғындары. Тағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. 

Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрған, кезекші сол жерде болды, - деп нақтылады ведомство өкілдері.

ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдері арқылы өту кезінде мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы