Ақмола облысында қуаты жылына 157 мың тонна құрама жем зауыты іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
"ЧК Unicorn Holdings LTD" ЖШС Ақмола облысында құрама жем зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруда. Өндірістік қуаттылығы жылына 157 мың тонна құрама жем болатын жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды.
Өндіріс кезінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шикізаты пайдаланылатын болады.
Қазіргі уақытта компания құрылыс-монтаждау жұмыстарын, аумақты абаттандыру және өрт дабылы жүйелерін қоса жабдықтарды орнату жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Зауыттың бірінші кезегі 2024 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.