Ақмолада ваннадағы суға батып кете жаздаған қария құтқарылды

2 Қазан 2024, 07:45
227
Бөлісу:
Ақмолада ваннадағы суға батып кете жаздаған қария құтқарылды
Фото: Нұркен Алишев -архив

Ақмола облысы Ақкөл қаласында тәртіп сақшылары өзінің жуынатын бөлмесіндегі ваннаға батып кете жаздаған 70 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жергілікті тұрғыннан ағасының 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпағаны жайлы хабар келді. Әпкесі жалғыз тұратын ақмолалықтың денсаулығына алаңдағанын айтты.

Полиция қызметкерлері Абылай Дәукенов, Арай Бек және Демежан Серсенбаев дереу көрсетілген мекенжайға барды, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келді.

Үйге келген полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кірген.

Топ ішке кіргенде, олар жуынатын бөлмеде суық судың ваннадан төгіліп жатқанын көрді. Қарт кісінің құлап, кранды жұлып алып, өздігінен ваннадан шыға алмағаны белгілі болды.

Полиция мен құтқарушылардың уақытылы көмегінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы