Ақмолада көлік сатып алушылар көлікті көріп ұрлап кеткен

Бүгiн, 04:37
138
Бөлісу:
Ақмолада көлік сатып алушылар көлікті көріп ұрлап кеткен
PHOTO
Фото: polisia.kz

Жергілікті тұрғын Есіл ауданының полиция бөліміне хабарласып, үйдің ауласынан оған тиесілі DODGE маркалы автокөлікті белгісіз адамдар ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленушінің айтуы бойынша, бұл күні оған екі ер адам сатып алушылар ретінде келіп, көлікті тексерді. Иесінен ауланы айналып өтуге рұқсат сұрағаннан кейін, олар белгісіз бағытта көлікпен қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті адамдарды анықтау және ұстау үшін полиция қызметкерлері «Ұстап алу» жоспарын жариялады, қылмыс туралы ақпарат бірыңғай дислокация жүйесіне тартылған барлық полиция жасақтарына дереу берілді.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері бұл көлікті Жақсы ауылына қарай автотрассамен жоғары жылдамдықпен келе жатқанын анықтады.

Алматы-Екатеринбург автожолында 980 шақырымға қудалау нәтижесінде автокөлікті Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері инспектор аға лейтенант Санжар Қожеғұлов пен взвод командирі капитан Ерлан Дарбаев ұстады. Көлік салонында болған Астана қаласының екі тұрғыны ұсталып, автокөлікпен бірге Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді, олардың біреуі бұрын 190-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы