Ақмолада белгісіз заттың жарылуы кезінде ер адам қаза тапты

15 Тамыз 2022, 09:26
1324
Бөлісу:
Ақмолада белгісіз заттың жарылуы кезінде ер адам қаза тапты

Кеше 14 тамызда  Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында әкелінген көмірді сұрыптау кезінде белгісіз зат жарылып, салдарынан оқиға орнында 1981 жылы туған үйдің иесі қаза тапқан. 

Алған жарақатынан үй иесінің ағасы 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасына  жатқызылды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін БАҚ-та газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын, кейінірек бұл расталмаған алдын ала ақпарат болғаны анықталды.

Ақмола облысы ТЖД баспаөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына ТЖД 2 қызметкері және 1 техника, жедел тергеу тобының 10 қызметкері және 3 техника барған.

Өзгелердің жаңалығы