Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі табылды

21 Шілде 2023, 05:40
808
Бөлісу:
Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі табылды
Фото: архив

Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шілде айының басында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталған. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді.

Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі "Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Өзгелердің жаңалығы