Ақмола полицейлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтады

14 Наурыз 2023, 21:00
779
Бөлісу:
Ақмола полицейлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтады
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Ақмола полицейлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

10 наурыз күні Ақкөл ауданының полиция бөліміне елорданың 41 жастағы тұрғыны 27 желтоқсан мен 10 наурыз аралығында Ақкөл қаласында орналасқан үйден белгісіз адамдар тұрмыстық техниканы, сондай-ақ монша мен сарайдың үй-жайынан жалпы сомасы 2 млн теңгеге жуық шаруашылық-тұрмыстық заттар ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. 

Өтініш беруші үйде үнемі тұрмайтынын, әдетте, мерекелерге келіп тұратынын айтты. Ауыр ұрлықты ашу үшін тәжірибелі қылмыстық полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы топ құрылды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақкөл қаласының 25 және 27 жастағы бұрын істі болмаған екі жұмыссыз тұрғыны анықталды. 

Ақмола полицейлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтады

Күдіктілер терезені сындыру арқылы үйге кіріп, Beko ыдыс жуғыш машинасын, LG кір жуғыш машинаны және үтікті иемденген. Кейін күдіктілер 8 наурыз күні және 10 наурызға қараған түні тағы екі рет оралған.

Сарай есігінің құлпын сындырып, автокөлік шиналарын, электр құралдарын, 2 баспалдақ пен бетон араластырғышты алып шыққан. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді. 

Күдіктілер қалған бөлігін сатып, ал қолма-қол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Ақмола полицейлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтады

18 ақпан мен 12 наурыз аралығында тағы үш жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызбен аудандық полиция бөліміне жүгінген. Қазіргі уақытта күдіктілердің осындай ұрлықтарға қатыстарының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы