Ақмола облысының тұрғыны жарылғыш зат сақтаған

18 Шілде 2023, 02:25
708
Бөлісу:
Ақмола облысының тұрғыны жарылғыш зат сақтаған
Фото: ІІМ ресми сайты

ІІМ баспасөз қызметі ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Степногорск қаласында 61 жастағы тұрғын жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алғанын мәлімдеді, BAQ.KZ.

Ер адамның гаражын тексеру кезінде жарылғыш толқын бағыттаушылары болып есептелетін 34 металл-цилиндрлік зат табылды.

Осы оқиғаға байланысты сараптама тағайындалды.

Факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы