Ақмола облысының әкімі тағайындалды

2 Желтоқсан 2022, 15:45
2421
Бөлісу:
Ақмола облысының әкімі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Туған жылы: 1969 жылы 29 тамыз

Туған жері: КСРО Целиноград қаласында дүниеге келдi.

Білімі: 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын,

2001 жылы «Тұран» университетiн,

2009 жылы Көкшетау университетiн тәмамдаған. Тарих пәнiнiң мұғалiмi, заңгер, қаржы бакалавры.

1991-1992 жылдары дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi, бокс жаттықтырушысы, орта мектепте тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады.

1992-1995 жылдары «Шон» ШЖК директоры лауазымына тағайындалды.

1995-2008 жылдары «Береке-Бурабай» ШЖК (ЖШС) бас директоры қызметiн атқарды.

2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болды.

2008-2012 жылдары Аршалы ауданының әкiмi,

2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi болып жұмыс атқарды.

2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi орынбасары қызметiне тағайындалды.

2015-2019жылдары Көкшетау қаласының әкiмi ретiнде қызметiн атқарды.

2019 жылдың 19 наурыздан бастап Ақмола облысының әкiмi.

«Құрмет» орденiмен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегi үшiн» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы туризмнiң құрметтi қызметкерi (2007), Қазақстан Республикасының үздiк кәсiпкерi (2002) атағына ие. Бокс бойынша спорт шеберi.

Өзгелердің жаңалығы