Ақмола облысының әкімі Атбасарға барды

11 Сәуір 2024, 17:40
266
Бөлісу:
Ақмола облысының әкімі Атбасарға барды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бүгін ТЖ режимі жарияланған Атбасар ауданына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір басшысы су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді. Кеңесте халыққа әлеуметтік көмек көрсету және су тасқынының салдарын жою мәселелері қаралды.

Қазіргі жағдай күрделі, су нормадан жоғары түсті. Дегенмен, біз жағдайды түзеубойынша жұмыстарды ұйымшылдықпен жүргізіп жатырмыз. Тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, барлық күш пен құралдар жұмылдырылды, - деді Ахметжанов.

Айта кетсек, Жабай өзеніндегі су деңгейінің күрт өсуіне байланысты жер білігінің 6 учаскесінде су тасқыны болып, қаланың жағалау аймағын су басуына әкеліп соқтырды, 111 адам эвакуацияланды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 411 адам, 70-тен астам техника және 4 жүзу құралдары жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы