Ақмола облысында орын алған жеңілмоторлы әуе кемесінің апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, UP-LA 229 борттық нөмірлі жеңілмоторлы ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі («Әуе көлігін пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Апат салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, – деп нақтылады департамент өкілдері.
Бұған дейін Ақмола облысында жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы әуе кемесі апатқа ұшырағанын хабарланғанбыз.