Ақмола облысындағы «Қауіпсіз балалар демалысы»

24 Маусым 2022, 21:06
1187
Бөлісу:
Ақмола облысындағы «Қауіпсіз балалар демалысы»
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері «Звездный континент» балаларды сауықтыру орталығында «Қауіпсіз балалар демалысы» акциясын өткізді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Ақмола облысындағы «Қауіпсіз балалар демалысы»

Жазғы демалыс кезінде Департамент қызметкерлері балалардың жаппай демалатын орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне жіті назар аударады. Мамыр айында балаларды сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігі саласында тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақытта өрттің алдын алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін «Балалар жылы» аясында біз «Звездный континент» балаларды сауықтыру орталығында «Қауіпсіз балалар демалысы» акциясын өткіздік, оған 300-ден астам бала қатысты, - деді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов.

Ақмола облысындағы «Қауіпсіз балалар демалысы»

Балалардың көпшілік демалатын орындарында өрттің алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде Департамент қызметкерлері өрт немесе ТЖ туындаған жағдайда педагогикалық және қызмет көрсету персоналының іс-қимыл алгоритмі мен дағдыларын тексереді, демалушы балаларда өрт қауіпсіздігі саласында білім деңгейі артады. Ең бастысы, ерте жастан бастап балалар әртүрлі ортада өртке қарсы дағдыларды игереді.

Ақмола облысындағы «Қауіпсіз балалар демалысы»
Өзгелердің жаңалығы