Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

11 Қаңтар 2024, 23:40
508
Бөлісу:
Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды
Фото: скрин

Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды. Олар жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы қыс басталғалы ақ түтек боран салдарынан 300-ге жуық жолаушы мен 20-дан астам көлік қар құрсауынан шығарылған. Қазір өңірде 700-ден астам арнайы техника мен екі жарым мың құтқарушы жасақталған.

Тәртіп сақшылары да тәулік бойы жолдарда кезекшілік атқаруды.

Қазір аймақта 268 жылыту бекеті мен 3 медициналық-құтқару пункті әзірленді. Осы уақытқа дейін жылыту орындарына 277 адам жеткізілді. Оның 29-ы бала, - деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Олег Малюк.

Өзгелердің жаңалығы