Ақмола облысында жасымық өңдейтін заманауи цех салынып жатыр

Өндірістік желіні 2026 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.

Бүгiн 2026, 11:33
АВТОР
 odprtakuhinja.si Бүгiн 2026, 11:33
Бүгiн 2026, 11:33
125
Фото: odprtakuhinja.si

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өңірде жасымықты өңдеуге арналған заманауи өндірістік цех салынып жатыр.

Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары кәсіпорынның өз қаражаты есебінен қаржыландырылып отыр.

Жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан кейін сағатына 5 тоннаға дейін жасымық өңдей алады. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көлемін ұлғайтып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу саласының дамуына серпін береді.

Өндірістік желіні 2026 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.

Бұдан бөлек, кәсіпорынның даму жоспары аясында 14 мың тонна өнім сақтауға арналған заманауи көкөніс қоймасы салынбақ. Қойманы пайдалануға беру келесі жылға жоспарланып отыр.

Жобаның іске асуы өңірдегі агробизнестің дамуына ықпал етіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу инфрақұрылымын одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.

Наверх