Ақмола облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

9 Қыркүйек 2023, 03:19
1129
Бөлісу:
Ақмола облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр
Фото: polisia.kz

Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен барған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 7 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Аталған жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.

Жасөспірім белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.

Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.

Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге Сәтбаев көшесі 1 «а» мекенжайындағы Көкшетау қ. БП-на немесе 8-(7162)-29-96-00, 8-707-119-87-19 телефондары арқылы хабар беруіңізді сұраймыз, - делінген мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы