Ақмола облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

31 Желтоқсан 2021, 20:16
1373
Бөлісу:
Ақмола облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті.

«КТК» телеарнасы оңай олжаға кенелмек болғандарды ұстау үшін полиция Степногор, Бестөбе, Изобильное және Ақсу кентінде арнайы операция жүргізгенін хабарлады.

Бір мезетте 12 жерде тінту жүргізген тәртіп сақшылары заңсыз алтын өндірушілердің үстінен түскен. Мәселен, Бестөбе кентіндегі шағын цехта алтыны бар қиыршық тасты үгітіп, електен өткізетін және жуу құрылғылары орнатылған екен. Сондай-ақ цехтан бір жарым тонна құрамында қымбат металл бар кен және алтын аралас құм тәркіленді. Қару-жарақ та табылды. Күдіктілер сол маңдағы жұмыс істеп тұрған алтын кеніштерін торуылдап тазартылмаған кен ұрлаған. Сөйтіп оны өз бетінше өңдеп, алынған алтынды Шымкент қаласы арқылы Түркияға жөнелтіп отырыпты. Қазір тергеу жүріп жатыр. Әзірге 8 күдіктінің 7-еуі қамауға алынды. Олардың қатары бұдан да көп болуы мүмкін.

Тергеу жалғасып жатыр. Қымбат тастарды, құрамында бағалы металл бар кенді заңсыз айналысқа шығару бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар иесіз қалған кеніштерді емес, жұмыс істеп тұрған шахталарға түскен. Бірнеше елдімекенде тұратын азаматтар айналысқан. Қазір басқа да эпизодтар анықталып жатыр, – деді Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Бақтияр Сүлейменов.

Өзгелердің жаңалығы