Ақмола облысында XXVII театр маусымы басталды

12 Қазан 2023, 20:22
643
Бөлісу:
Ақмола облысында XXVII театр маусымы басталды

Режиссер Тасқын Мәжитовтің драмасы ана мен бала арасындағы сезімді көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақ КСР Халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері Жібек Бағысованың сахнаға шыққанына 65 жыл толуына орай "Алло, ата ана" драмасының премьерасы өтті. Қойылымда жаңа театр маусымының ашылуы болды.

Театр маусымның ашылуымен облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.

Сіздерді жаңа театр маусымының ашылуымен құттықтаймын. 1996 жылдан бастап театр сахнасында 200-ден астам қойылым қойылды, олар тек ақмолалықтардың ғана емес, қазақстандықтардың да сүйіктісіне айналды. Актерлердің қайталанбас ойыны театрдың қолтаңбасы болды. 65 жылдан бері өз жанкүйерлерін қуантып келе жатқан халық әртісі Жібек Есекейқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді, - деп атап өтті облыс әкімі.

Ақмола облысында XXVII театр маусымы басталды

Айта кетейік, актрисаның шығармашылық жолы 1957 жылы Талдықорған қазақ театрының сахнасында басталған. 1960 жылы театр Қызылордаға ауыстырылды. 1995 жылдан бастап Жібек Есекейқызы Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында өзінің театрлық жолын жалғастырды. 

Ол жаңа құрылған жас театрдың жетекшісі және тәлімгері болды, театрдың қалыптасуы мен құрылуына көп еңбек сіңірді.

Өзгелердің жаңалығы