Ақмола облысында тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымданушылар көбейген

30 Қазан 2022, 16:47
1044
Бөлісу:
Ақмола облысында тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымданушылар көбейген

Былтыр құзырлы органға аймақ тұрғындарынан тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлеріне қатысты 395 арыз түссе, биыл бұл көрсеткіш 700-ге жуықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сала мамандарының айтуынша, олардың жартысынан астамы қаралып, тұтынушыларға 22 млн теңге қаржы қайтарылған. Әсіресе, онлайн саудада шикілік көп.

Мәселен, бір ғана танымал сайттың қызметіне осы жылы 44 адам наразылық білдірген. Оның барлығы дерлік заттың талапқа сай келмеуі және айтылған уақыттан көп кешігуіне байланысты. Одан бөлек, уәде еткен затын уақытында жеткізбейтін және соңынан мүлдем хабар-ошарсыз кететін жалған кәсіпкерлер де кездеседі. Бірақ мұндай жағдай көбіне алаяқтыққа жақын, - дейді департамент өкілдері.

Қолыңызда сол сауда туралы аз да болсын ақпарат бар болса, полицияға жүгініңіз. Олар да өз тарапынан іздеу салып, бір ілік табады. Себебі тәртіп сақшыларының қазір бұл салада тәжірибесі бар. Өйткені ондай жағдайлар көбейіп кетті. Тағы бір айтарым, тұтынушы да тауарды сатып алып жатқанда барынша мұқият әрі өте сақ болса дейміз. Ал болары болып, бояуы сіңгеннен кейін бізге келіп арыздану нәтижесіз болуы мүмкін, – деді облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Светлана Занегина.

Өзгелердің жаңалығы