Ақмола облысында қатты желден үш мектеп пен ондаған үй шатырсыз қалды

26 Маусым 2022, 15:15
1437
Бөлісу:
Ақмола облысында қатты желден үш мектеп пен ондаған үй шатырсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы екпіні күшті желден 40-қа жуық үй мен 3 мектеп шатырсыз қалды.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше өңірде қатты жел тұрып, екпіні секундына 30 метрге жетті.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті 25 маусым күні сағат 16:00 мен 20:00 аралығында облыстың екі ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейгенін хабарлады. Салдарынан үш мектеп пен 38 жеке үйдің шатыры жартылай және толық ұшып кеткен.

Сондай-ақ бірқатар елді мекенде электр бағаналары құлаған. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығынды анықтау үшін әкімдік қызметкерлері оқиға орындарында жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы