Ақмола облысында қандай әлеуметтік нысандар салынып жатыр

2 Ақпан 2022, 16:00
1842
Бөлісу:
Ақмола облысында қандай әлеуметтік нысандар салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі. Бұл туралы өңірдің  ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Ақмола облысы құрылыс басқармасының ақпараты бойынша биыл өткен жылы басталған 24 нысанның жұмысы жалғасуда. Барлығы 51 жоба іске асырылды.

2021 жылы мектептер, балабақшалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы бойынша 26 нысан пайдалануға берілді.

Олардың ішіндегі ең ірілері - Раздольное ауылындағы мектеп, Қараөткел ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Целиноград ауданындағы Ақмол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы.  Сондай-ақ, облыс орталығында №1 орта мектепке 600 орындық қосымша ғимарат салынды.

Басты міндет – облыстың әрбір өңірінде қолжетімді инфрақұрылымды қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау және білім беру нысандарының болуы елді мекендерде маңызды болып табылады, - деп атап өтті ведомствода.

Құрылыс жобаларын белсенді іске асыру 2022 жылы да жалғасатын болады. Биылғы жылы облыста мектептердің, ауруханалардың және басқа да әлеуметтік объектілердің шамадан тыс жүктелу проблемаларын шешуге бағытталған 33 әлеуметтік нысанның құрылысына бюджет қаражаты бөлінді. Мысалы, білім беру саласында Қосшы қаласында 3 мектеп және Көкшетау қаласында 2022 және 2023 жылдары пайдалануға беріле отырып, 1 200 орындық мектептің құрылысы жалғасады.

Бұдан басқа, Көкшетауда 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысына үлгілік жоба, Біржан Сал ауданы Степняк қаласының емханасы бар 50 төсектік аурухана құрылысына жобалау-сметалық құжаттама, Целиноград ауданы Қараөткел ауылында ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысына екінші позицияның үлгілік жобасы әзірленуде.

Айта кетерлігі, 2021-2022 жылдары өңірде 84 әлеуметтік нысан салынады. Тәуелсіздік жылдары барлығы 191 нысан салынған.

 

Өзгелердің жаңалығы