Ақмола облысында прокуратура араласуынан кейін 92 жұмысшыға жалақы төленді

2 Тамыз 2024, 02:10
440
Бөлісу:
Ақмола облысында прокуратура араласуынан кейін 92 жұмысшыға жалақы төленді
Фото: baq.kz

Ақмола облысында прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 92 жұмысшының еңбекақы бойынша берешегі өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Астрахан ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында жергілікті мемлекеттік мекемеде 92 қызметкер алдында жалпы сомасы 5,2 млн теңгеге еңбекақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды. Бұған қоса, 31 жұмысшыға 3,3 млн теңге көлемінде еңбек демалысы үшін төлем жасалмағаны белгілі болды.

Қадағалау ақтісі бойынша қарыз толық көлемде өтелді. Мемлекеттік мекеменің басшысы және әкімнің орынбасары жауапқа тартылды. Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқығы қорғалды, - деді ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы