Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында өрт кезінде 80 жастағы зейнеткер көз жұмды, - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден шыққан.
Жалынды сөндіру барысында 1942 жылы туған зейнеткердің жансыз денесі табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды, - делінген департаменттің хабарламасында.
Тілсіз жау сағат 13-18-де толық сөндірілді. Оның жалпы аумағы 135 шаршы метрді құрады.