Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Маралды орман шаруашылығы аумағында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Аталмыш шарада 10 арнайы өрт сөндіру көліктерінің, автобаспалдақтар және басқа да техникалардың кілттері табыс етілді.
Практикалық бөлімде орман өртін сөндіру, тұрғындарды эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-әрекеттер пысықталды.