Ақмола облысында оқушылар онлайн оқиды

13 Қаңтар 2022, 20:25
1521
Бөлісу:
Ақмола облысында оқушылар онлайн оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. 

Бұл туралы брифинг барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов мәлім етті.

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Ол бүкіл республика бойынша балалар 31 қаңтарға дейін онлайн форматта оқиды деп шешім қабылдады. Алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдайға назар аударылатын болады, - деді Серік Омарханов. 

Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай күн сайын нашарлап келеді, бүгінде өңір «сары» аймаққа ауысты. 

Облыста жыл басынан бері COVID-19 ауруының 500-ге жуық жағдайы тіркелді, олардың басым бөлігі - ЖРВИ белгісі бар адамдар. 11 қаңтарда 48 жағдай тіркелді, 12 қаңтарда-138 жағдай, 2,8 есе өсті. Соңғы аптада-344 эпизод, өткен аптада-266, өсім 1,3 есе, - деп атап өтті Серік Омарханов. 

Жалпы, Ақмола облысында COVID-19 жұқтырудың 50 220 жағдайы тіркелді, оның ішінде ересектер арасында - 44 393, 14 жасқа дейінгі балалар арасында-5 827 жағдай. 

Айта кетсек, Ақмола облысында 2022 жылдың 14 қаңтардан бастап карантин шаралары күшейтіледі.

Өзгелердің жаңалығы