Ақмола облысында оқушылар бастауыш сынып оқушысына зәбір көрсеткен деген күдікке ілінді

16 Мамыр 2022, 20:05
1713
Бөлісу:
Ақмола облысында оқушылар бастауыш сынып оқушысына зәбір көрсеткен деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Елорда іргесінде орналасқан ауылдардың бірінде жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Егер әлеуметтік желіде  бейнежазба таралмағанда ешкім білмеген де болар еді.

Ақмола облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, 9 мамыр күні WhatsApp мессенджерінде 2012 жылы туған кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер бар бейнежазба таралғандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 4-бөлім 121-бабы бойынша қылмыстық іс (кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері) қылмыстық іс тексерілуде. Сот сараптамалары тағайындалған, қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

Кәмелетке толмағандардан жауап алу заңды өкілдерінің, педагогтердің, психологтар мен адвокаттардың қатысуымен жүргізілуде. Басқа ақпараттар тергеу барысында жариялауға жарамсыз, - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Зұлымдық әрекет жасалды делінген ауданның білім беру бөлімінде  аталған жайтқа байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді деп хабарлады. Алдын ала деректерге сүйенсек, оқиға 7 мамыр күні білім ордасының қабырғасынан тыс жерде орын алған.

Өзгелердің жаңалығы