Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде әлеуметтік нан бағасын реттеу мақсатында ұн өндірушілермен және ірінаубайханалармен келіссөздер жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыс орталығынданан бағасы ортаесеппен 120 теңгеден165 теңгеге дейінгі аралықта. Көкшетауда нанөндіру саласында үш ірі зауыт – «Көкшетау нан зауыты», «Ақсай нан», «Көкше-нан», сондай-ақ көптеген шағыннаубайханалар жұмыс істейді.
Бізде нанныңбағасы 115 теңге. Дүкендер оған 5-10 теңге қосыпсатады. Соңғы ретнан бағасының өсуіөткен жылдың күзіндеболды. Қазір бәрібіз қолданатын шикізатқа және біріншікезекте ұнға байланысты. Ұн қымбат жәнеоның бағасы күнсанап өсуде. Бізұнды өзіміз өндірмейміз, сатып алуға мәжбүрміз. Сондай-ақ, ашытқы, күнбағыс майы даүнемі қымбаттайды, – дейді «Көкше-нан» ЖШС директоры Құрмет Хасен.
Оның айтуынша, кәсіпорынәлеуметтік нан пісірмейді, өйткені олтіпті өзіндік құнынөтемейді. Ал мемлекеттарапынан оны өндіругеқандай да бірсубсидия жоқ.
Әлеуметтік нанбізге пайдалы емес. Қазір 1 келіұнның құны 152теңге, сәйкесінше нан да сонша тұруы тиіс. Албіз 115 теңгеденсатамыз. Төтенше жағдай кезінде әрине, біз өз өнімдеріміздіңбағасын көтермейміз. Бірақ, мысалы, екіншісұрыпты ұн жаңажылдан бастап 2теңгеге қымбаттады. Егер баға тағықымбаттаса, нан бағасын көтеруге туракеледі, - дейді серіктестік директоры.
«Ақсай-Нан-Көкшетау» ЖШС филиалының директоры Сәуле Соболевскаяныңмәлімдеуінше, компания ұзақ жылдар бойыжұмыс істеп, әлеуметтікнанды 80 теңгеденөндірген.
Зауытта 180адам жұмыс істейді. 2021 жылдың 17қыркүйегінен бастап біз әлеуметтік нанөндіруді тоқтаттық. Шығынға батқандықтан, бас тартуға мәжбүрболдық. Өйткені шикізат, мысалы, ұнқымбаттады. Бір ауысымда жұмыс істеуге, жұмысшылардың жалақысын көтеру үшінқызметкерлер санын азайтуға тура келді. Себебі адамдар кете бастады, шығынғаұшырадық. Нанның өзіндік құны 165теңге болғанда, оны 80 теңгеденсаттық. Біз нанныңбағасын көтермедік, тек әлеуметтік наннанбас тарттық, – дейді кәсіпорынбасшысы.
Оның айтуынша, сатыпалынатын ұннан бөлек ашытқы, тұз, қаптамаларда қымбат. Кәсіпорынөз өнімін текқаптамада және жапсырмамен сатады.
«Kokshe» ӘКК өткен жылынан бағасын ұстаптұру үшін саудаинтервенцияларын жүргізді. Корпорациянанды өндірушілерден сатып алып, оныарзанға сатты. Осылайша халықтың әлеуметтікосал топтары арзаннан сатып алуғамүмкіндік алды.
2021 жылдың күзіненбастап «KoksheMarket» желісінің дүкендеріне күн сайын 80 теңгеден 300-350бөлке нан жеткізіледі. Қазір ұн өндірушілерменбағаны арзандату бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, «KoksheMarket» павильондарында Ақмола наубайханаларының бөлімдері жұмыс істейді, бұл нанды үстемесізсатуға мүмкіндік береді. Осы аралықта «Kokshe» ӘКК тұрақтандыруқорының тетігі арқылы бірінші сұрыптыұнның бір келісін110 теңгеден сатты.
Мемлекет басшысыбірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтікнан бағасын тұрақтандыруүшін Үкіметке азық-түлік корпорациясынсубсидиялауға тапсырма берді. Бидай бағасыұн өндірушілер үшін 125 мың теңгенің орнына 1тонна үшін ҚҚСқоса есептегенде 90 мың теңге болады. Бұл айырмашылықсубсидияланады. Біз аудан әкімдіктеріне тоннасына90 мың теңгеденбидай алып, наубайшыларға115 теңгеден ұнберетін ұн өндірушілердітабуға тапсырма бердік. Осындай есеппенәлеуметтік нан (500 грамдық бөлке) 90 теңге тұратынболады. Сондай-ақ, аудандарда халықсанына қарай нанға деген сұраныс зерттелді. Біздің есептеуімізше, тамыз айына дейін облысбойынша 13931 тоннажұмсақ бидай қажет, – деп түсіндірді Ақмола облысыныңауыл шаруашылығы және жер қатынастарыбасқармасы басшысының міндетін атқарушы ЕркешӘленов.
Оның хабарлауынша, ақпанайында Ақмола облысынаарзандатылған бағамен астық келе бастайды. Нәтижесінде нан бағасы арзандайды депкүтілуде.