Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 64,4%-ы - әйелдер

8 Шілде 2023, 13:14
1022
Бөлісу:
Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 64,4%-ы - әйелдер
Фото: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

Ақмола облысының мемлекеттік қызметіндегі басшылық құрамның 44,1%-ын әйелдер құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен 2023 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы жасалды. Мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйіне жүргізілген мониторинг мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетіп отыр. Қызметшілердің шамамен 30% - 35 жасқа дейінгі жас мамандар. Мемлекеттік қызметшілердің 89,5% жоғары білімге, 18,2% екі не одан артық жоғары білімге ие, - деді облыстық департаменттің ресми өкілі Жазира Сейтмағанбетова.

Гендерлік саясат сәтті іске асырылуда - қызметшілердің 1922-сі немесе 64,4% әйелдер. Жалпы, мемлекеттік қызметте басқарушы лауазымдарда 438 әйел қызмет етеді. Бұл көрсеткіш жалпы басшылық құрамның 44,1%-ын құрайды.

Мемлекеттік қызметтегі басшылық құрамдағы әйелдердің үлесі:

  • облыстық басқармалардың басшылары – 10%;
  • қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары – 16,6%;
  • дербес бөлімдердің басшылары – 49,1%;
  • ауыл әкімдері – 17,5%.

Қызметшілердің мансаптық өсуі де оң қарқынға ие: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің 84% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.

Сондай-ақ соңғы 3 жылда жүйеден шығарылған адамдардың саны азайып келеді. Қазір таза ауысымдылық 0,5% құрады.

Өзгелердің жаңалығы