Ақмола облысында Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

29 Тамыз 2022, 13:59
1134
Бөлісу:
Ақмола облысында Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Салтанатты іс-шараны Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Қайрат Айдарбеков ашты. Дәстүр бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері шақырылады.

Конституцияда жарияланған құндылықтарды сақтаумен қатар, Ішкі істер органдарының басымдықтары азаматтардың жоғары сенім деңгейін қамтамасыз ету, қоғаммен, үкіметтік емес сектормен және БАҚ-мен өзара іс-қимыл жасау.
 

Бұл күні 50-ден астам қызметкер ІІМ, ҚАЖК грамоталарымен, медальдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. “Әділет подполковнигі” аға басшы атағына Абзал Дуанбаев, Шнар Нурмуканова ие болды. “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісі Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлеріне табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы