Ақмола облысында ер адам шахтада қаза тапты

Ақмола облысының Бестөбе кентінде ер адам шахтаға құлап, көз жұмды.

 ©BAQ.KZ архиві Кеше 2026, 19:02
Кеше 2026, 19:02
277
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ақмола облысының Бестөбе кентінде ер адам шахтаға құлап, көз жұмды. Қазіргі уақытта оның жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өмірге қауіпті ауыр жарақат алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде қаза тапқан адамның жеке басын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаменті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бестөбеде шахтаға заңсыз кірген адамның мәйіті табылған еді.

Наверх