Ақмола облысында бұрқасын болады

15 Желтоқсан 2021, 08:00
813
Бөлісу:
Ақмола облысында бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 15-ші желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Қазақстан терриориясының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батысында шаңды дауылмен.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауымен күтіледі. Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі,   оңтүстігінде – тұман. Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі, батысында және орталығында желдің 17-22 м/с күшеюі шаңды дауылмен күтіледі. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан областарының солтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы