Ақмола облысында бірқатар ауыл атауы қазақшаланады

19 Мамыр 2023, 08:12
1091
Бөлісу:
Ақмола облысында бірқатар ауыл атауы қазақшаланады
Фото: abai.kz

Ақмола облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады. Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатқа сәйкес, Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округінің Самарқа ауылын – Бөріктал ауылы, Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылы – Амантай ауылы, Мариновка ауылдық округін – Амантай ауылдық округі деп қайта атау мақұлданды.

Карамышев ауылдық округі – Шұбарағаш ауылдық округі болып өзгереді. Ермол ауылдық округі – Тоқтамыс ауылдық округі, ал Купчановка ауылы – Байтас ауылы деп аталатын болады.

Өзгелердің жаңалығы