Ақмола облысында 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады

22 Ақпан 2022, 13:11
1505
Бөлісу:
Ақмола облысында 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың хабарлауынша, өңірде  өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындары қатарынан 57 мыңнан астам азамат «Еңбек» бағдарламасымен қамтылды. 

«Облыста «Еңбек» бағдарламасы аясында 3653 адам өз істерін ашу үшін шағын несиелер алды, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 3721 өтеусіз грант берілді берілді. Біздің облыста бағдарламаны табысты іске асыруда шағын несие-грант алып, өз ісін бастап, жұмыс орындарын ашқан азаматтар көп. Мысалы, Зеренді ауданынан Азамат Балтабаев есімді ауыл тұрғыны бағдарлама арқылы грантқа ие болып, қазіргі күні ағаштан дөңгелек үстелдер, орындықтар, ас үйкерек-жарақтары мен басқа да заттар жасайды. Бурабайлық Александр Егоров ерлерге арналған шаштараз салонын ашты, - деді Дина Ахметжанова.

Көкшетаулық Ардақ Смағұлов 2020 жылы кондитерлік цех ашуға 15млн теңге сомасында шағын несие алды. 

Қазіргі уақытта оның бизнесі табысты дамып келеді, кәсіпкер төрт жұмыс орнын ашты. Целиноград ауданында тұратын көпбалалы ана Нұрхан Әбілханмал шаруашылығын дамытуға 4 млнтеңге алды. Бүгінгікүні 15 бас ірі қарасы бар. Әрі қарай өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Олқазірдің өзінде екі жұмыс орнынқұрды. Біздің облыс бойынша мұндай мысалдар көп», - дейді Дина Ахметжанова.

Биыл Мемлекет басшысының Үкіметке «Жастар практикасы» жобалары бойынша қатысу кезеңімен еңбекақы мөлшерін арттыру туралы тапсырмасына сәйкес ЖОО, колледж түлектері үшін (29 жасқадейін) «жастар практикасының» ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін, еңбекақы мөлшері 76575 теңгеден91890 теңгеге дейін ұлғаяды. 

«Тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қосымша 382 млн теңге бөлуге бюджеттік өтінім жіберілді. Жалпы, биыл жастар практикасымен 523 адам қамтылады. 29 жастан аспаған NEET санатындағылар үшін «бірінші жұмыс орны» жобасының ұзақтығы12 айдан 18 айға дейін ұлғаяды. Төлем мөлшері 61260 теңгеден 91890 теңгеге дейін артады, - деді ол.

Осыған байланысты Еңбек министрлігіне 101,4 млн теңге көлемінде қосымша бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім жолданды. 

Қарастырылған қаражатты ескере отырып, облыстық бюджеттен бөлінген жалпы сома 138 азаматты жұмысқа орналастыру үшін 152,1 млн теңгені құрайды. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өтеусіз гранттар мөлшері200-ден 400АЕК-ке дейін ұлғайтылады, бұл 1 млн 225 мың теңгені құрайды. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында он жеті мыңнан аса жаңа жұмыс орны, Модельдік өңірлік карта шеңберінде он мыңнан аса жұмыс орындары ашылады деп күтілуде», – деп түсіндірді басқарма басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы