Ақмола облысында 11 жастағы баланы ит талап тастады

25 Сәуір 2022, 20:16
1311
Бөлісу:
Ақмола облысында 11 жастағы баланы ит талап тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 11 жастағы баланы ит талап тастады, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуірде кешкі сағат 20.00-ден асқан уақытта Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шығыс еуропалық тұқымды иттің иесі – Жібек Жолы ауылының тұрғынына қатысты шара қабылдау туралы өтініш келіп түсті. 

Оқиға стадионда орын алған. 11 жастағы бала жаттығу жасап жатқан кезде, осы адамға тиесілі ит зардап шегушінің баласын қауып алған. Медициналық мекемеде “сол қолдың тістеген жаралары, іш қуысының жарақаттары” диагнозы қойылды. 

Жеке тергеу барысында учаскелік полиция инспекторы иттің иесін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының 1-бөлігі 4-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. 

Ережеге сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалардың аула алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында иттерді серуендетуге тыйым салынады.

ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 4-тармағына сәйкес, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ескерту немесе жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК және заңды тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы