Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданында 80 адам өзін-өзі эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Сарқырама өзенінің төгілуіне байланысты Сандықтау ауданы Каменка ауылынан алдын ала 80 адам өзін-өзі эвакуациялады. Барлық адамдар туыстарында орналасты, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар 100-ден астам малды эвакуациялады.
Жергілікті атқарушы органдар және ТЖ күштерімен өзен деңгейін бақылау жұмыстары жүргізілуде.