Ақмаржан Қалмұрзаева фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңін сәтті бастады

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Дир Вэлли аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі басталды, деп хабарлады Olympic.kz.</p>

 13 Қаңтар 2022 2022, 09:20
13 Қаңтар 2022 2022, 09:20
1595

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Дир Вэлли аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі басталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Әйелдер арасындағы бәсекенің іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева келесі айналымға жолдама алды. Ол іріктеу кезеңінде 81,40 ұпай жинап, он екі үздік спортшының ішінде оныншы орынға тұрақтады.  

Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының өзге де спортшылары Аяна Жолдас 21-ші болса, Жанбота Алдабергенова 27-ші орыннан көрінді. 

 

Наверх