Ақмарал Науатбек Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

23 Қазан 2023, 15:35
543
Бөлісу:
Ақмарал Науатбек Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтық сында  ол  Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті.  Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін Азия пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін пауэрлифтер Давид Дегтярев әкелген еді.

Өзгелердің жаңалығы