Ақбөкендерді қорғау: Блокбекеттер іске қосылып, мониторингтік топтар іске кірісті

7 Сәуір 2023, 14:01
1236
Бөлісу:
Ақбөкендерді қорғау: Блокбекеттер іске қосылып, мониторингтік топтар іске кірісті
Фото: inform.kz

Ертіс өңірінде жабайы, сирек кездесетін тұяқты жануарларды қорғау маусымы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Түлепбаевтың айтуынша, заңды бұзғандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Киіктердің мүйіздері мен етін сатып алу туралы хабарландырулар бойынша әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіледі. Деректер анықталатын болса, заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Заңсыз алған үшін 5-7 млн мөлшерінде айыппұл салынып, 3-10 жылға бас бостандығын айыру жазасы бар, - дейді Руслан Түлепбаев.

«Ақбөкен» акциясы 15 сәуір-15 мамыр аралығында өтеді. Акция барысында киіктер тіршілік ететін аумақта 200-ден астам инспектордан құралған мобильді топтар іске кіріседі. Мамандар жүру қабілеті жоғары 100-ге жуық техника, құрал-жабдықтар мен радиоспутниктік байланыспен қамтылған. Сонымен қатар блокбекеттер орнатылады.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша ақбөкендер бес облыста тіршілік етеді. Өткен жылы табиғат қорғау акциясы барысында заңнаманы бұзғандарға қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылған. Қос тұяқты жануарлардың саны бір жыл ішінде 25%-ға өскен. Бүгінгі таңда жануарлардың популяциясы 10 мың басқа жетті.

Өзгелердің жаңалығы