Ақбөкендерді өлтірмей-ақ жаңа жайылымдарға өзіміз көшіріп берейік – агросарапшы

28 Шілде 2022, 15:07
1414
Бөлісу:
Ақбөкендерді өлтірмей-ақ жаңа жайылымдарға өзіміз көшіріп берейік – агросарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚХП өткізген баспасөз мәслихаты барысында Shopan-ata агрокешенінің жетекшісі Алмасбек Садырбаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ақбөкендер санын реттеудің қолданылатын тәсілдерінің бірі – оларды жаңа жайылымдарға айдауды ұйымдастыру. 

Біздің қауымдастық мүшелері ақбөкендердің мәселесін гуманистік тұрғыда шешуге көмектесуге дайынбыз. Мемлекет тарапынан шығындар болмасын. Біз – фермерлер киіктерді БҚО және Ақтөбе облысынан Қызылорда облысына қарай жайылымдарға көшіріп, қозғалысты техникалық жағынан өзіміз сүйемелдеуге және ұйымдастыруға дайынбыз, - деп ұсынысын білдірді Алмасбек Садырбаев.

Shopan-ata басшысы сарапшылар және фермерлермен байланыс құру тұрғысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің енжарлығын атап өтті. 

Осы жұмысты атқарған ғалымдармен бірге Экология министрлігі бүгінде ешқандай жұмыс жүргізбейді. Бұл бір күннің проблемасы емес. Аталған проблеманы екі жылдан бері көтеріп келеміз. Екі апта өтті, шешім, тіпті қарсы қадам жоқ. Әлі ештеңе өзгермеді. Бұл одан сайын фермерлерді ашуландырып отыр, - деді шаруалар қауымдастығының өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы