Ақан Рахметуллин ҚР СІМ бірінші орынбасары болып тағайындалды

8 Сәуір 2022, 11:47
1388
Бөлісу:
Ақан Рахметуллин ҚР СІМ  бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Мемлекет басшысының өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы