«Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін ұсынды

13 Ақпан 2023, 15:44
982
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін ұсынды
Фото: автордан

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Мәжіліс депутаттарының сайлауына саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу бойынша ОСК отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2023 жылғы 6 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Ақ жол» партиясы Парламент Мәжілісінің депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсыну туралы тиісті құжаттарды тапсырды. «Ақ жол»  партиясы 54 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынды. Бұл тізімде 18  кандидат: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар қамтылған. Олар кандидаттардың жалпы санының 33,3 пайызын құрайды. Белгіленген квота сақталған, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. 

Айтуынша, ОСК тізімдегі кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексерген. 

Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді, - деді Асылбек Смағұлов. 

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясының партиялық тізімін тіркеді. 

Өзгелердің жаңалығы