«Ақ жол» кәсіпкерлермен және қаржы мамандарымен ашық сөйлесті: Қандай мәселелер талқыланды?

«Ақ жол» кәсіпкерлермен кездесіп, экономикалық бағдарламасын таныстырды. Бизнесті қолдау мен салық жеңілдіктеріне қатысты қандай ұсыныстар айтылды?

24 Шілде 2026, 15:40
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина 24 Шілде 2026, 15:40
24 Шілде 2026, 15:40
124
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осыған орай «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлермен және қаржы мамандарымен кездесу өткізіп, партияның экономикалық бағдарламасы мен бизнесті қолдауға бағытталған бастамаларын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

«Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаеваның сөзінше, партия осыдан 25 жыл бұрын бизнесті қолдау мақсатында құрылған және 2012 жылдан бері Парламент қабырғасында кәсіпкерлер мен халықтың мүддесін қорғап келеді.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Кездесуде сөз алған Құрылтай депутаттығына кандидат Юрий Лидің пікірінше, қазақстандықтардың қаражаты заңсыз схемалар арқылы шетелге кетіп, ел экономикасында жұмыс істемей отыр.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Елдегі проблемаларды мемлекеттік органдарға бірнеше рет көтердік. Бірақ көбіне «бұл біздің құзыретімізге кірмейді» деген жауап алдық. Сондықтан мұндай мәселелерді ашық саяси алаңға шығару үшін ықпалды саяси күш қажет екенін түсіндім. Осы себепті «Ақ жол» партиясының қатарына қосылдым, - деді Юрий Ли.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Сонымен қатар, форумға қатысушы кәсіпкерлер партия өкілдеріне сұрақ қойды. Кәсіпкерлердің бірі партияның сайлауалды бағдарламасында қандай салаларға салық жүктемесін азайту көзделгенін сұрады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Дания Еспаева салық жеңілдіктері ең алдымен халық тұтынатын өнімдер мен қызметтерді өндіретін салаларға берілуі тиіс екенін айтты.

Оның сөзінше, басымдық азық-түлік өндірісіне, жеңіл өнеркәсіпке, халыққа тікелей қызмет көрсететін салаларға, сондай-ақ машина жасау, IT-технологиялар және дәрі-дәрмек өндірісіне берілуі қажет. Партия төрағасының айтуынша, Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің едәуір бөлігі әлі де сырттан импортталады. Ал импорттың үлесі артқан сайын валюта бағамының өзгерісі ішкі нарықтағы бағаға әсер етіп, инфляцияның өсуіне себеп болады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Дания Еспаева мұндай тәсіл отандық өндірісті дамытуға, жаңа кәсіпорындардың ашылуына және экономиканың нақты секторын қолдауға серпін береді деп есептейтінін жеткізді.

Наверх