Ақ үй: АҚШ Иранмен соғысты аяқталды деп есептейді

Президент Дональд Трамптың айтуынша, 2026 жылғы 28 ақпанда басталған соғыс қимылдары тоқтатылған.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
263
Фото: depositphotos.com

Ақ үй АҚШ Конгресіне Иранға қарсы әскери операцияның аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонға және Сенат басшылығына жолдаған ресми хаттарында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, 2026 жылғы 28 ақпанда басталған соғыс қимылдары тоқтатылған. Ол 7 сәуірде жарияланған екі апталық атысты тоқтату режимі кейін ұзартылғанын атап өтті. Трамптың мәліметінше, осы күннен бері АҚШ пен Иран күштері бір-біріне оқ атпаған.

АҚШ Конституциясына сәйкес, мемлекет басшысы әскери іс-қимылдар туралы Конгреске есеп беруге міндетті. Осыған байланысты тиісті хаттар Өкілдер палатасы мен Сенат басшылығына жолданған.

Айта кетейік, АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операцияны ақпан айының соңында бастаған болатын. Кейін тараптар Исламабадта келіссөздер жүргізгенімен, ұзақ мерзімді бейбіт келісімге келе алмады. Соған қарамастан, атысты тоқтату режимі сақталып отыр.

Иран тарапы бұл мәселе бойынша сақтық танытып, атысты тоқтату режимінің ұзартылуын біржақты шешім ретінде қарастыратынын білдірген.

Наверх