Ақ Олимпиада. Қанша медаль сарапқа түседі?

4 Ақпан 2022, 18:27
1484
Бөлісу:
Ақ Олимпиада. Қанша медаль сарапқа түседі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәл қазіргі сәтте Қытай астанасында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтуде. 

Ақ Олимпиада ойындары  Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу секілді үш аймақта өтеді деп күтілуде. 

Белгілі болғандай, Бейжіңде керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр жарыстары өтеді. 

Ал Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спорты мен және биатлон жарыстары бәсекеге түспекші.

Бейжің жанында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спорты мәрелері өтеді. 

Қытайдағы Қысқы Олимпиада ойындарында барлығы 109 медаль сарапқа салынады. 

Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстарын қабылдайды.

Бейжің – Жазғы және Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған алғашқы қала ретінде тарихта қалмақ. 

Дүбірлі додаға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар бақ сынасуға келді.

Өзгелердің жаңалығы