Аптап ыстық, жаңбыр: 26 маусымға арналған ауа райы болжамы

26 Маусым 2024, 08:26
517
Бөлісу:
Аптап ыстық, жаңбыр: 26 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ архив

Синоптиктер 26 маусымдағы қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясы арқылы жылжиды. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында нөсер жаңбыр болады Тек республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көбіне ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді. Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысынының батысында және шөлді аудандарында қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау, Алматы облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында,орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы