Аптап ыстық басыла ма? 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамы

17 Шілде 2026, 18:41
АВТОР
 gismeteo.kz 17 Шілде 2026, 18:41
17 Шілде 2026, 18:41
98
Фото: gismeteo.kz
2026 жылғы 19 шілдеден кейін Астана мен Шымкентте аптап ыстық аздап басылады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 шілдеге арналған ауа райы болжамында айтты.

Астана

  • 18 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +34...+36°С.
  • 19 шілде: ауыспалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +33...+35°С.
  • 20 шілде: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +28...+30°С.

Алматы

  • 18-20 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +24...+26°С, күндіз +40...+42°С-қа дейін аптап ыстық.

Шымкент

  • 18 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +25...+27°С, күндіз +45...+47°С-қа дейін барады.
  • 19 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +27...+29°С, күндіз +45...+47°С.
  • 20 шілде: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +27...+29°С, күндіз +41...+43°С.
Жаздың ең ыстық күндеріне тап келген Алматы тұрғындарына енді үш күн шыдас берсе, жеткілікті. Синоптиктердің болжамынша, 20 шілдеге дейін сынап бағаны 42 градусқа дейін көтеріледі, содан соң найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел тұрып, бұршақ түсу қаупі артады.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, қаладағы аптап ыстық тағы үш күн сақталады: 18, 19 және 20 шілдеде. Бұл кезеңде жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде: +24...+26°C, ал күндіз: +40...+42°C.

Синоптик түсіндіріп өткендей, ауа температурасының бұлайша жоғарлауына Орталық Азия мен Таяу Шығыс аудандарынан ығысып келген ыстық және құрғақ ауа массалары түрткі.

Ыстықтың беті 21 шілдеден бастап біртіндеп қайта бастайды. Күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с дейін артады. Ауа температурасы күндіз: +34...+36°C болады.

Қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ болады. Ауа температурасы түнде: +22...+24°C, күндіз: +30...+32°С, – дейді Қазгидромет өкілі.

Алдын ала болжам бойынша, аптаның соңында Алматыда неғұрлым қолайлы ауа райы күтіледі. Дегенмен аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел болады. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +30...+32°C.

Наверх