"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2023 жылғы 12-14 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктер болжамынша, ауа райы күрт өзгереді.
Алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипаты Қазақстанның басым бөлігінде сақталады. Жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар түрінде күтіледі. 12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі, түнде және таңертең тұман болжанады, - делінген хабарламада.
Кейбір аймақта күн суытады. Мәселен шығыста ауа температурасы түнде 3-11 градус жылыдан 3 градус аязға дейін, күндіз 10-22 градус жылыдан 4-15 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10-18 градус, таулы аудандарда 2-7 градустан 0-10 градус шамасында ауытқиды. Таулы аудандарда 0-5 градус аязға дейін, күндіз 22-27 градус, таулы аудандарда 10-15 градустан 7-15 градусқа дейін, таулы аймақтарда 0-5 градусқа дейін төмендейді.