Ұлттық құндылықтың бастауы ауылдан басталады. Ауылды көркейту маңызды істердің бірі. Ауылдағы жағдайды жақсарту үшін депутат әкімдерге бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат әкімдерге жылтыраған көліктерін мотоциклге алмастырып, ауылды аралауды ұсынды. Қарақат Әбден ауылдың жағдайын жақсарту керегін айтып, әкімдерге өз ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, биыл алғаш рет аудандар мен облыстың маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау пилоттық режимде өткізіледі. Мәслихаттар қабылдаған шешімдер негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді.
Осы және өзге де ақпараттарды Apta қорытынды жаңалықтарынан көре аласыздар.