AppStore сервисі VK, Mail.ru қосымшаларын өшіріп тастады

27 Қыркүйек 2022, 16:00
1053
Бөлісу:
AppStore сервисі VK, Mail.ru қосымшаларын өшіріп тастады

VK қосымшасы AppStore-ден өшірілді. Қосымша бұған дейін орнатылған болса ғана, жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Риа Новости агенттігінің хабарлауынша,  VK Play, VK, Mail.ru қосымшалары AppStore сервисінен өшірілген.

Apple компаниясы  бірнеше қосымшамызды бұғаттап тастады, олар қазір App Store дүкенінде жоқ. Пайдаланушылардың смартфондарында орнатылған VK қызметтері әдеттегідей жұмысын жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Сбербанкке тиесілі 2GIS қосымшасын AppStore сервисінен бұғатталған еді. 

Өзгелердің жаңалығы